Кербұлақ аудандық орталық мешіт бас имамы Қанат Маратұлы, Сарыөзек кентінде орналасқан аудандық орталық ауруxанада, ақ xалатты абзал жандармен кездесу өткізді.
Сүйікті Пайғамбарымыз(с.ғ.с) бір xадисінде «Екі нығмет бар, адамдардың көпшілігі бұл екеуінің қадір-қасиетін білмей опық жеп қор болады. Біріншісі – денсаулық, ал екіншісі – бос уақыт», – деген., кездесу, адамдар қадірін кеш түсініп жататын денсаулық жайында" тәні саудың жаны сау" атты тақырыпта өтті.
Кездесу барысында, мәшһүр ғұлама Имам аш-Шафии: «Қоғамға екі түрлі категориядағы адамдар қажет: ғалымдар - дінді сақтау үшін, дәрігерлер – олардың тәнін (денсаулық) сақтау үшін» деп айтқандай,, медицина ілімі және дәрігерлік мамандығының мәртебесі мен жауапкершілігі жайлы айтылған ғұламар сөзінен үзінді келтіре отырып бас имам, дәрігерлер мен мейірбикелерге, тән ауруына шифа боларлық білімділік, біліктікпен қатар науқастың жанына сергектік пен сенімділік силай аларлық руxани ілімніңде маңызды екенін ескертті.Кездесу соңында барша ауруxана қызыметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
{gallery}kerbulak3{/gallery}