"Жастардың ең абзалы - (ақыл тоқтатып, нәпсісін тізгіндей білген) егде адамдарға ұқсағандары" - деген пайғамбарымыз.
Кербұлақ аудандық орталық мешітінің бас имамы Қанат Маратұлы, Талдықорған қалалық Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы студенттерімен "Жастар және болашақ" атты кездесу өткізді. 2019-жыл жастар жылы деп жарияланғанын және ел көлемінде жаппай қолдау тауып әр түрлі игі бастамалар жасалып жатқанын тілге тиек етті, жастар елдің жарқын болашағы екенін айта келе, әр-бір жас болашақтағы орнын бүгіннен бастап белгілеп алу керек екенін, осы мақсатқа сай "Ұлы даланың жеті қыры" атты Елбасы мақаласында көрсетілген бірнеше түрлі өзекті мәселелердің де жастарға жақын болашақтың ең пайдалы арман мен мақсат болуы керек екенін түсіндірді.
{gallery}kerbulak1{/gallery}