Қоғамның күнен-күнге дамуымен қатар адамдар жүрегінен мейірімнің де азая бастағаны ащы да болса шындық. Бір-біріне қараспайтын қайырымсыз қоғамның түбі немен аяқталары да тарихтан белгілі. Ескіден жеткен нақыл сөзде байлардың мал мүлкінде кедейдің алар еншісі бар екені туралы айтылады. Садақа Ислам дінідегі ең үлкен нығметтердің бірі. Адам садақа беру арқылы пәлені қайтарады, өзі хәліне шүкіршілік біліреді. Асыл дініміз - адам тіпті материалдық қайырымдылық жасай алмаса да, жылы жүз, ыстық пейілінің өзі садақаға айналатынымен ерекше. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған осынау баяшат заманда адамға да ең керегі пейілдің кеңдігі, жылы сөз, мол мейірім.
Ана жүрегі осы қасиеттерге қашанда бай. Осыны терең ұғынған Сарқан ауданындағы бір топ ана дәстүрлі қайырымдылық күнін атап өтті.
Талдықорған өңірі Сарқан аудандық орталық мешіті «Әйел-Қыздар» секторы, «Ислам кайырымдылық діні» атты іс-шара күнін аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардан бастауды жөн санаған екен. Шара барысында аудандық емханада ем қабылдап жатқан 10 қарияның көңілін сұрап қайрымдылық көмек көрсетілді.
Аналар қауымының ауру жанға шипа сұрап, тез сауығуын тілеп келген қадамына науқастар қатты қуанып, алғыстарын жаудырды. Әйелдер жамағатының жетекшісі мұндай сауапты жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
{gallery}sarkan3{/gallery}