Елдің гүлденіп дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана есептелмейтіні бәрімізге аян. Ол білімі мен білігі асқан жас буынның мықты потенциалды ерік-жігері. Мемлекеттік басшысының да «ел дамуы шкаласы халыққа жасалған жайлы өмірмен қатар білімді жастармен өлшенеді» деуінің астарында үлкен мән жатыр. Бүгінгі күні отанын, елін, жерін сүйетін әрбір маман үшін Елбасының бұл сөзі үлкен күш-жігер беруде. Осы бағытта Сарқан ауданында біршама оң істер орын алуда. Мұндай игілікті істер қасында дін Исламның адал қызметкерлері болып жүрген имамдар да белсене қатысып, жас ұрпақтың ізгі, арманшыл, талапшыл болуга баулитын насихат жұмыстары үнемі алып барылуда. Бүгінгі іс-шарамыз да сондай бір игілікті дүниелердің бір парасы. Сарқан ауданына қарасты Көкөзек ауылдық мешітінің молдасы, Ахмәдиев Мәжит мектеп ұстаздары және жоғары сынып оқушыларымен ''Иманды ұрпақ ел болашағы'' тақырыбында кездесу өткізіп, кең көлемде ой-пікір бөлісті. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Шара соңында имам жас өрендердің білімге деген ерекше ықыластарын көріп, ризашылык білдіріп батасын берді.
{gallery}sarkan2{/gallery}