×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/tekeli5
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/tekeli5
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Текелі: Қайырымдылық – қадірлі іс

22 Feb 2019 0 comment Оқылды: 439 рет

Алматы облысы Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлының ұйымдастырумен қайырымдылық шара жасалды. Шарада тұрмыстық жағдайы төмен, мүгедек, көп балалы аналар, барлығы жиырма отбасыға азық – түлік: картоп, сәбіз, кеспе, май, ұн, қант, аяқ – киімдер таратылды. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі.
Алла Тағаланың беріп жатқан сансыз нығметтеріне шүкір етіп, сауапты амалдарымызды арттырғанымыз абзал.


Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен. Шағырай шешен өз кезегінде:
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кісі.


Осы өлең жолдарымен адам санасына жомарттықтың қандай екенін жеткізген. Қоғамда да күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Қайырымды, мейірімді, жомарт болайық.

{gallery}tekeli5{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз