Қазақ халқы - табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қоғамымызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Осы үрдісті жалғастыру мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі, орталық «Иман» мешітінің жастар ісі секторынымен құрылған студенттік жасақтың қатысуымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы басталды. Белсенді жастар еңбек ардагері Жарасбекова Мырзакелді апамыздың ауласындағы қарды күреп, шаңырағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қайырымдылық акциясының мақсаты қарттарымызға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру. Акцияның ерекшелігі ардагерлердің бір күндік тіршілігіне атсалысу.
Соңында апамыз жастарға ризашылығын білдіріп, батасын берді. Аталмыш акция алдағы уақытта өз жалғасын табады.
{gallery}jastar3{/gallery}