Имандылықтың ұйытқысы болып, хақ дінімізді бекем ұстаушылардың саны көбеюуіне себеп болып жүрген Еркін мешітінің жамағатын көптен бері мазалап, көңілдерінде кірбең болып жүрген жайттың бірі - мешіттің дәл іргесіндегі дүкенде ішімдік сатылуы еді.
Еркін мешітінің бас имамы Омар Хадыстың жүргізген түсіндіру жұмыстарынан соң дүкен иесі Алла Тағаланың харам еткен затын сатудан бас тартатынын мәлімдеп, жамағатты қатты қуантты.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) хадисінде айтылғандай "...жасаған, сатқан, сатқызған, ішкен, ішкізген" жан лағынеттелетін ішімдіктен толық арылатын күнге жетуді нәсіп етсін!
{gallery}erkin1{/gallery}