Талдықорған өңірі, Панфилов ауданы орталық мешітінде жамағаттың білімі мен ынтымағын арттыру мақсатында Жаркент қалалық "Мұқаш Кеңесбай" мешітінің ұйымдастыруымен "Дінімді жақсы білгім келеді" атты шара өткізілді.
Шара барысында сөз алған Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітің найб имамы Даутов Керімбек ұйымдастырған имамдарға алғыс білдіріп, шараға қатысқан жамағаттарға сәттілік тіледі. Шараға аудан бойынша 14 мешіттен 60 жамағат қатысты. сурақ-жауап (құраннан 20 сүре, фиқһтан және Пайғамбарымыздың өмір баяны) және спорттың үш түріннен (қол күрестен, гир тасын көтеруден және адамның ойлау қаблетін артыратын шахматтан) сайыс өткізіп, жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар үлестірілді.
{gallery}panfilov2{/gallery}