×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/erkin
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/erkin
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Еркін мешітінің мәуліті

13 Dec 2018 0 comment Оқылды: 526 рет

Ғаламның нұры, Алла Тағала жерге тек рақым етіп жіберген, пайғамбарлардың сұлтаны Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) мәулітін тойлау ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан үрдіс.

Небір ғалымдар, небір ақындар пайғамдарымызды (с.а.у.) өз еңбектерінде мақтап, жыр арнауы арқылы өздері жақсылыққа кенелген.
Тәуелсіз Қазақстанда да бұл дәстүр өз жалғасын тауып, жамағат арасында мәліт тойлау кең етек алған.
Сөзіміздің дәлелі ретінде желтоқсан айының 9 – күні «Гауһартас» мейрамханасында Талдықорған қаласы, Еркін мешітінің бас имамы Омар Хадыстың ұйымдастыруымен өткен мәулітті айтуға болады.
Мешіт жамағаты имамның сөзіне ұйып, бір кісідей жұмылып, мәулітті өте жоғары деңгейде өткізді.
Арнайы шақырылған қонақтар мешіт жамағатымен бірлесе отырып Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтты. Сонымен қатар, халыққа танымал әншілер келіп, мәулітке шашу ретінде жүрек қылын тербейтін ән айтты.
Мәулітте зағип жандар, арбаға таңылған мүгедек жандар да көпшілікпен қатар отырып, астан ауыз тиіп, салауат айтысты. Маңдайдағы көзі жарқырап тұрғанмен, Алласын танымайтын көкірек көзі көрсоқыр, аяқ-қолы сау болса да, сапта тұрып намаз оқымайтын кердеңдерден әлдеқайда артық екендері көрініп тұрды ол бауырлардың.
Сол кісілердің ішінен Текеліде тұратын, туғаннан зағип Нұрдана Арғын деген бауырымыз Алла Елшісіне (с.а.у.) деген сағынышын өз әнімен жеткізді. Нұрданаға қарап, сабыр дегеннің не екенін, иманның қандай болуы керек екенін түсінесіз.
Әрине, тек ән шырқалып қана қойған жоқ. Ой салар уағыз айтылды, келген кісілердің жүрекжарды лебіздері, тілектері айтылды.
Мешіт жамағаты арасынан жақсы амал, көркем мінезімен, қайырымдылығымен өзгелерге үлгі болып, өнеге көрсетіп жүрген азаматтарға Алғыс хат тапсырылды. Бірнеше апайға бағалы сыйлық берілді.
Сонымен бірге еркін мешітінің жамағаты ортасынан құрылған «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық тобының бір жылдық есебі видеоролик арқылы көрсетіліп, елмен таныстырылды.

Талдықорған қаласы,
Еркін мешітінің жамағаты Ж.Сарипбеков

{gallery}erkin{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз