×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/maulit2018
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/maulit2018
Басып шығаруға арналған нұсқасы

"Ғасырлар ғазизы - Мұхаммед" атты мәуліт кеші

11 Dec 2018 0 comment Оқылды: 335 рет

Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында "Ғасырлар ғазизы - Мұхаммед" атты мәуліт мерекесіне арналған рухани-танымдық кеш болып өтті. Кештің алды Әз Пайғамбарымыздан қалған жәдігерлер және көрнекі көне қазақи тұрмыстық бүйымдарының көрмесімен ашылды. Кештің негізгі бөлімінде Пайғамбарымызға арналған мәуліт екі тілде оқылды. Салауатпен жалғасқан кеште Б. Римова атындағы театрдың актерлары тәрбиелі де өнегелі көріністерді көрермен назарына ұсынды.
Кеш барысында, сахна төрінен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы көпшілікті мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан үзінділеп уағыз айтты. Кеш соңы "Жаратушы жаршысы - Мұхаммед" атты пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен білім сайысында жүлделі орындарға ие болғандарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

{gallery}maulit2018{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз