×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/tekeli3
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/tekeli3
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Елшілердің мөрі Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.)

11 Dec 2018 0 comment Оқылды: 501 рет

{gallery}tekeli3{/gallery}

Алматы облысы Текелі қаласының мәдениет үйінде Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) туылған күніне орай «Елшілердің мөрі» атты рухани кеш өтті. Мұсылмандар үшін ерекше саналатын бұл мереке адамзаттың асыл тәжі, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған айына орайластырылған. Шара барысында Текелі қаласының әкімі Бақтияр Әлтайұлы Мәуліт мерекесімен жиылған барша халықты құттықтады. Талдықорған өңірі өкілі "Иман" орталық мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы Пайғамбар (с.а.у.) өмірінен үзінді айтып, дінаралық келісім мен ынтымақты насихаттаудағы қажырлы еңбектері үшін бірқатар азаматтарға алғыс хаттарын табыстады. «Керімбек би» мешіті, Текелі қалалық Зекет қорының жинаған қаражатын Мүмкіндігі шектеулі 5 отбасыға сертификат табыстады атап айтсақ екі бүйрегі жоқ Бопа Құралбек аптасына үш рет қан орталығында барып қанды сүздіреді. Шараға Көксу ауданы Самға театрі бағдарламаларын ұсынып, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетті, зағип болсада тағдырға налымай күкірек көзі ояу Нұрдана Арғын Пайғамбарымызға (с.а.у.) арнау айтып жиылған жамағаттың көзіне жас ұялатты. Шара соңында «Бәйтерек» мейрамханасында жиылған халыққа дастархан жайылды. Осы шараға мұрындық болған «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы алғысымыз шексіз, Мәуліттен мәулітке жете берейік. Халқымыз аман жұртымыз тыныш болсын Әмин!

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз