×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/656
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/656
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қайырымдылықтың өзі еңбектің жемісі

20 Nov 2018 0 comment Оқылды: 568 рет

{gallery}656{/gallery}

Қасиетті Мәуліт мерекесіне орай жомарт жандардың қолдауымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қалалық Керімбек би мешітінің бас имамы Аман Медетбековтің мұрындық болуымен өткен қайырымдылық шарасында аз қамтылған, көпбалалы отбасы мүшелеріне «Бәй-терек» мейрамханасында кең дастарқан жайылды.
Көпшілікке ізгі тілегін жеткізген Талдықорған қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов қайырымдылық барша мұсылманның ең абзал қасиеті екенін айтып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен жомарт жүректі азаматтарға ризашылығын жетізді. Ол, сонымен бірге, он екі мүшесі сау адамдардың мүмкіндігінше еңбек істеп, өз өмірін қамтамасыз етуі керектігін, әрбір адам қартайған ата-анасын бағып-қағуға, балаларын қоғамға жарамды азамат етіп өсіруге міндетті екенін де еске салды. Мүмкін-дігі бола тұрып еңбек етуге құлқы болмау, отбасы, туыс-туған алдындағы жа-уапкершіліктен қашу, тек өз басының қамын күйттеу, басқалардың көмегіне иек артып алу секілді жаман әдеттерді асыл дініміз де, халқымыздың ұлттық тәрбиесі де еш қол-дамайтынын, керісінше, жағымсыз әдет ретінде одан бойды аулақ салуға насихаттайтынын атап айтты.

Бұл биыл елімізде 1 қаңтардан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмектің шартты түрінде де айқын көрініс тапқанын, яғни, жұмысқа жарамды азаматтарды қайта оқыту, жаңа мамандыққа баулу, бизнеспен айналысуына жәрдемдесу бағытындағы мемлекеттік қолдаулар жатыпішер жалқаулықтан, бойкүйездіктен құтылуға бастап, өмірге деген құлшынысты арттыратынын алға тартып, еңбекке қабілетті жандарды жұмыс істеуге, сол арқылы өмірін өзгерте білуге шақырды.

Дастарқан басында жақсы мінез, ізгі амалдар, сондай-ақ, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері жайында әңгімелер айтылып, еңбекқорлық насихатталды.
Шара барысында 18 отбасына ұн, қант, шай секілді азық-түліктер үлестірілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз