×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/559
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/559
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: Өкіл имам жастарға өнеге айтты.

11 Nov 2018 0 comment Оқылды: 451 рет

{gallery}559{/gallery}ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторының ұйтқы болуымен өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы Гуманитарлық-техникалық колледжінің белсенді жастарымен кездесті. Имани, рухани кездесуде «Дін, дәстүр, мәдениет-біздің ортақ құндылығымыз» тақырыбында насихат айтты. Кездесудің мақсаты-жастарға өркендеген еліміздің бағына бұйырған Дін, Діл, Тіл сынды асыл құндылықтарын аялап, болашақ ұрпаққа жеткізуге дәріптеу.
«Егемен елімізді дүние жүзінің дамыған елдерімен теңестіріп, тұтқасын ұстайтын, біздің дарынды да қабілетті ұландарымыздың ең басты бағдаршамы – ұлттық рухани құндылық, ең негізгі ұстанымы Ислами ізгілік болғаны жөн. Олар халқымыздың қанындағы әдептілік, имандылық, мейірімділік, діндарлық, қайырымдылық, ізеттілік секілді құндылықтар мен асыл қасиеттерді ұлықтап, рухани азық еткені абзал», - деп сөз еткен өкіл имамның тағылымды насихаты жастарға ой салғандай. Белсенділік танытқан жастар сұрақтар қойып, өздері де ойларын ортаға салды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз