×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/845
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/845
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: Гиннес кітабына енген имам атындағы турнир

13 Oct 2018 0 comment Оқылды: 605 рет

        {gallery}845{/gallery} Бүгін ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлының бастауымен «Жастар ісі» секторының ұйымдастырумен Талдықорған  қаласындағы орталық "Имам" мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен облыстық турнир өтті. Бас мүфти жүлдесі үшін өтетін V республикалық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылған аталмыш додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 24 түйе балуан бақ сынасты.

         Облыстық турнир қазақтың мақтанышы, гір тасын көтеруден және грек-рим күресінен спорт шебері,  суға жүзу мен гимнастикадан ІІ разрядты спортшы, балуан әрі имам болған Әмірбай Рысқұловты еске алуға арналды. Әмірбай Рысқұлов 80 жасына қараған шағында небәрі 30 минут ішінде 700-ден асыра гір тасын көтеріп, көпшілікті таңғалдырып еді. Шараның ашылуында қазақ кино өнерінің жұлдызы, "Тақиялы періште" аталып кеткен Әлімғазы Райымбеков боз кілем шеберлеріне ақ батасын арнаса, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев: "Білекті де жүректі балуандар! Сіздер бүгін бұрында қатысқан жарыстардан бөлектеу сынға түскелі тұрсыздар. Бұл - дін саласы өкілдерінің ұлттық ойын мәртебесін асқақтатуға көңіл бөліп ұйымдастырып отырған додасы. Сондықтан, сіздер де мұсылманшылыққа сай, Пайғамбардың сүннеті болған күрес өнерін жігерлеріңізбен биіктетуге тырысыңыздар. Турнирде жеңіске жетіп, республикалық сында өңір намысын қорғап қайтуға бар қабілет-қарымдарыңызды саласыздар деп сенемін", - деді.
       Айла-тәсілге әккі, шалт қимылды балуандар бозкілем үстінде жиған тәжірбиесін паш етіп, білек күшін сынға салды. Осылайша 12 жұптан тұрған қазақ күресінде қарсыластарын қоғадай жапырып, ақтық сынға бір табан қалып сүрінген кербұлақтық Мұхит Қойшыман мен көксулық Ерсайын үшінші орынға таласты. Қарсыласынан абыройы үстем түскен кербұлақтық балуан М. Қойшыман жарыстың үшінші тұғырына көтерілді. Ал ақтық сында талдықорғандық Нұрсұлтан Аманжолұлы мен сарқандық Нұрғали Жолтаев бас жүлдеге таласты. Нәтижесінде, талдықорғандық балуан жарыс жеңімпазы атанды. Ақтық сында күрескен қос балуан Астанада өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз