×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/5545
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/5545
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

03 Oct 2018 0 comment Оқылды: 508 рет

{gallery}5545{/gallery}

Кеңес жұмысы облыс әкімінің орынбасары Әбдуәлиев Ақан Жылқышыбайұлының тікелей қатысуымен және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлымен ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілі Наржанов Қуанышпен облыстық департамент, басқарма басшылары, аудандар, қалалар әкімдерінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының Алматы облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық әділет департаменті, облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Облыстық Ардаргерлер кенесінің төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Талдықорған қаласы Иоанн-Богослов соборының протоиерейі қатысты. 
Күн тәртібінде: Алакөл, Балхаш аудандары мен Текелі қаласының әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің дін саласына байланысты оңалту жұмысы мен тиым салынған діни ұйымдардың іс-әрекеттері және ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы мен діни ахуалы, Облыстағы дәстүрлі емес діни ағымдардың, тіркелмеген діни ұйымдардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша атқарылған шаралар; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы аясында діни мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде діни экстримизм мен терроризмнің алдын алуға бағыталған шаралар және облыстық БАҚ арқылы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратар беру сынды мәселелер қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары отырыстың жұмысын қорыта келе атқарылып жатқан жұмыстар барысында мешіт имамдарының маңыздылығын алға тартты. Талқыланған мәселелерге жауаптанған басқарма, департамент басшыларына және аудан, қалалық әкім орынбасарларына мешіт қызметкерлерімен бірлесе тығыз жұмыс жасау жүктелді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз