{gallery}94{/gallery}Жоспарға сай ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторы мен «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» бірлесе, Талдықорған қалалық Политехникалық колледжінде «Дәстүр және дін» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге арнайы шақырылған «Нұр» мешітінің имамы Асқанбаев Мирас Асанұлы Ислам дініміздің құндылықтарын дәстүрімізбен ұштастырып, жиылған 250-ден астам студент жастарға кеңінен түсіндірді. Мақсатымыз жастардың бойына ұлттық рухты сіңдіре отырып, діни сенім мен халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасының байлығын меңгеру барысында, патриоттық сезімін, отанға деген сүйіспеншілігін одан ары арттыру.