Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған "Әйел-қыздар ісі" секторы: Ислам құндылықтары мен дәстүрдің ұштастығы

29 Sep 2018 0 comment Оқылды: 557 рет

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз биылғы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жарияланған болатын. Осындай игі бастама аясында, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар ісі» секторының ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінде «Ислам құндылықтары мен қазақи дәстүрдің ұштастығы» деген тақырыпта әйел жамағатына семинар өтті. Оқыту семинарын ҚР білім беру ісінің үздігі, ұстаз Бегімханова Фарида Жұпанқызы жүргізді. Қазақ халқының бүкіл мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы Ислам құндылықтарымен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда дәстүрлі ислам дініміздің қағидаттарын әйел кісілердің де жетік білуі керек екендігі айтылды. Себебі, қазіргі қоғамда әкелерге қарағанда бала тәрбиесінде аналардың орны ерекше. Семинардың мақсаты Ислам құндылықтарды негізінде дәстүрімізді ұштастырып, әйел жамағаты арқылы бабаларымыздың асыл мұралық рухани байлығын болашақта ел билейтін ұрпаққа сіңіру. Ұлтжандылыққа баулу арқылы өз халқын, дінін, ділін, тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғалардың тәрбиеленуіне жол ашу. Семинар барысында Фарида Жұпанқызы тарапынан ұтымды ойлар айтылып, жамағатпен сұрақ-жауап алмасты. Тағылымды кездесуден әйел жамағатының алғаны көп болды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз