{gallery}88888{/gallery}Жылдың басында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінде «Ақшамнан кейінгі жылы жүздесу» деген айдармен белгілі ұстаз-ғалымдарды шақырып, жамағаттың білім деңгейін көтеру алға қойылған болатын. Айдардың кезекті қонағы белгілі жас ғалым, исламтанушы Асқар Әкімханов болды. Орталық Иман мешітінде жетісулық жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді. Нағыз мұсылманның мінезі, бауырыңа құрмет, тақуалық тақырыптарында әңгіме өрбітіп, есте қалар нәрлі уағызымен жамағаттың айрықша ықыласына бөленді. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы Асқар ұстазға жамағат атынан ризашылығын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.