{gallery}6356{/gallery}ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойыншы өкілдігі, орталық «Иман» мешітінің ұйымдастырумен жасөспірімдер арасында Қасиетті Құранның 29-30-шы параларын жатқа айтудан Құран сайысының 2-деңгейі өтті. Бөбектей кезінен Құран оқып өскен балғындар әуезді дауыстарымен жиналған жамағаттың шөлдеген жүректерін тербетті. Қарилардың болашақта ізін жалғар Қасиетті Құран сайысының бас жүлдесін ең кішкентай қатысушы 5 жасар Нұртуғанұлы Мекке жеңіп алды. 2-ші орынды 8 жасар Шымтаев Мұхаммед. Ал, 3-ші орынды 7 жасар Нұртуғанқызы Зымыран қанжығасына байлады. Осылайша, бір шаңырықта болашақ 2 қариды тәрбилеп отырған алып азамат Нұртуғанмен осы балапандарға Құран жаттатып жүрген ұстаздардың мерейін үстем етті. Сайысқа түскен барлық қатысушыға Қасиетті Құран сыйға берілді.