{gallery}8{/gallery} Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, Жергілікті ақпарат насихат тобымен (ЖАНТ) Алакөл ауданында үш күндік семинар өткізді. Қасиетті жұма күні аудандық орталық мешітінде өкіл имам жұма уағызын айтты. Үшарал қалалық мешітінде Талдықорған орталық Иман мешітінің найб имамы, Шынарбек Өкен жұма намазын өткізсе, Нұр мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов Әз-ана Нұрғұлқасыл мешітінде, Жетісу мешітінің бас имамы Мұхаммед Ордабай Қарабұлақ-Иман мешітінде және Еркін мешітінің бас имамы Омар Хадыс аудандық мешітінде жұма намазында жамағатқа уағыз айтып, сауалдарына жауап берді.
Екінші күні өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы , Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің биылғы жылды «ИСЛАМ және ОТБАСЫ» жылы деп жариялауына байланысты, аталмыш тақырыпта Көктұма ауылдық Әмірқожа мешітінде ауыл имамдарына семинар өткізді. Семинар барысында исламдағы отбасы, ерлі-зайыптылырдың міндеттері, бала тәрбиесі және ажырасудың алдын алу жолдары, т.б маңызды мәселелер қозғалып, құнды кеңестер айтылды.
Үшінші күнігі семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлім меңгерушісі, ғалым, ұстаз Сансызбай Құрбанұлы, Талдықорған өңірі бойынша аудан және қала имамдарына «ДІН ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ЖАСТАР» тақырыбында келелі кеңес беріп, саналы сұхбат өткізді. Семинар барысында жастарды жат ағымнан сақтандыру жолдары мен дәстүрлі ханафи мазхабын насихаттауда имамдардың рөлі турасында кең ауқымды дәріс өткізді.
Алакөл аудандық мешітінің баспасөз қызметі