{gallery}545{/gallery}Бүгін, Қасиетті жұма күні Ардақ Нүсіпханұлы Кербұлақ ауданы жамағатына уағыз-насихат айтып, жаңа бас имамын таныстырды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен аудан бас имамы болып Қанат Маратұлы сайланды. Ардақ Нүсіпханұлы бүгінгі күнге дейін осы міндетті абыроймен атқарып келген Андакулов Сейтқали имамға алғыс білдіріп, құрмет көрсетіп, шапан кигізді. Сонымен қатар жамағат тарапынан да Сейтқали имамға алғыс білдіріліп, бағалы сыйлық берілді. Сейтқали имам өз кезегінде жамағатқа және Ардақ Нүсіпханұлына алғысын білдірді.