{gallery}koksu6{/gallery}
Көксу ауданы көлеміндегі мешіт имамдарының кезекті жиналысы өтті. Рамазан айымен құттықтаған бас имам биылғы Рамазан айы 15 мамыр түні тарауих намазы оқылып, 16 мамыр сәресі ас ішілетінін,және айт намазы 15-інші маусым күні болып белгіленгені айтылып, Рамазан айында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру,сонымен бірге әлеуметтік желіде байсалды,салихалы пікірде болуы, мұқияттылықпен еңбек етуді, сонымен қатар діннің тірегі – ілім, сол үшін медресеге шәкірт даярлау маңызды екендігі тапсырылды. ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыт бойынша және өкілдіктен келіп түсетін хаттарды өз деңгейінде орындаулары мешіт құжаттары және жоспарлы жұмыстар барысында есептер тыңдалды.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі