×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/kuran-jarys1
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/kuran-jarys1
Басып шығаруға арналған нұсқасы

"Бір Аллаға сиынып, кел Құранды оқылық"

07 May 2018 0 comment Оқылды: 799 рет

{gallery}kuran-jarys1{/gallery}

Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітінде "Бір Аллаға сиынып, кел Құранды оқылық" атты Құран Кәрімнің мағына және түсінігі бойынша жарыс болып өтті. Құран айы болып саналатын қасиетті Рамазан айының қарсаңында облыс деңгейінде өткізілген бұл жарысқа ер-әйел және жас ерекшелігіне қарамастан 500 ге жуық кісі қатысты.

Сынаққа түскен үміткерлер Құранның 114 сүресінің санына сай келетін 114 сұраққа жауап беруге тырысты. Барлық үміткерлерге сұрақ кітапшаларымен қаламдар таратылып, жарыс сағат дәл 10.30-да басталды Не бәрі 2 сағатқа созылған жарыс нәтижесінде әділ қазылар шешімімен жүлделі орындар белгілі болды. Бас жүлде Рамазан айының умра қажылығы.

Силықтарды табыс ету жүлделі орынға ие болмаған жандарға ынталандыру сыйлықтары (кір жуғыш, бу тартқыш, шаңсорғыш, еттартқыш, шырынсыққыш, желдеткіш) берумен басталды.

Жүлделі орындарға келсек, "Бір Аллаға сиынып, кел Құранды оқылық" атты Құран Кәрімнің мағына және түсінігі жарысы нәтижесі бойынша 3-нші орынды 83 ұпаймен "Иман" мешітінің жамағаты Тоқтасынов Нұрлан иеленіп, сыйлыққа газплита табысталды. 2-нші орынды 84 ұпай жинаған "Нұр" мешітінің жамағаты Арынғазы Жәмиғат алып, тоңазытқыш сыйға тартылды. 1-нші орын "Нұр" мешітінің жамағаты Каипов Мұхамеджан 90 ұпаймен иеленді, дипломмен теледидар силығы берілді.

Бас жүлдені - Рамазан умра қажылығын Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев 103 ұпай жинаған Текелі қалалық мешітінің жамағаты Саркубеков Талғатқа табыс етті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз