{gallery}ardak-nazar{/gallery}
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің арнайы шақыруымен келген белгілі спортш, байырғы олимпилық панкратионнан үш дүркін әлем чемпионы, Азияның абсолютты чемпионы Ардақ Құттықожаұлы Назар Жетісу жастарымен кездесіп, бір неше кездесуде насихатын жүргізді.
Талдықорған қаласында спорт интернатында оқып жатқан студенттермен кездесу "егеменді елдің болашағы жастардың қолында, имандылық тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге қызмет, жат ағым зардабы" тақырыбында лекция жүргізілді, бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті студенттерімен де кездесті. Кездесуде зор тәрбиелік мәні бар патриоттық лекция оқылды.
Ал, Талдықорған қаласындағы орталық "Иман" мешітінде Жетісу жұртшылығымен кездескен Ардақ Назар ел бірлігі, ата-баба дәстүрі, қасиетті Ислам дінінің құндылықтары туралы айтып беріп, әсерлі әңгіме өрбіді.
Қаратал ауданының жастарымен кездесуді Үштөбе қаласындағы балаларға арналған спорт кешенінің құрылысымен танысып, теннис, волейбол, баскетбол, шағын футбол, бокс үйірмелерінде жаттығып жатқан жас спортшылармен кездесті. Ардақ Назар жастарды спортпен жүйелі түрде шұғылданып, зор табысқа жетіп, еліміздің көк байрағын әлемдік аренада желбірете берулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ атақты спортшы жастармен аудандық мәдениет үйінде кездесіп, отбасы құндылығы және бірлік, ынтымақ тақырыбында ой бөлісті. Кіші буын өкілдерін жігерлендіретін, намысын қайрайтын сөздер айтып, оларды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке шақырды. Алаштың намысты азаматы Ардақ Назаров жастарға, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айтып, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды. Шара соңында жастар басты кейіпкермен естелікке суретке түсіп, қолтаңбаларын алды.
Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі