{gallery}kuran-jarys{/gallery}
Талдықорған орталық мешітінде Алматы қаласында өтетін VII Республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысына іріктеу сайысы болып өтті. Сайыс 4 номинация бойынша: Құранды толық жатқа оқу, 20 пара сүрелерін жатқа оқу, 10 парадан жатқа оқу және Құранды мәнерлеп оқудан болды. Нәтижесінде, 20 үміткерлердің арасынан 4-еуі Республикалық жарысқа жолдама алды. Сайыстан сүрінбей өткен үміткерлерге Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы жолдамалар табыс етіп, шешуші жарыста болатын сынаққа сәттілігін тіледі.