{gallery}598{/gallery}Наурыздың 21 күні Сарқан аудандық орталық мешіттте ұлыстың ұлы мерекесі әз наурыз тойланды. Мереке жылдағыдан өзгеше думанды өткізілді. Мешіт ауласына тігілген ақшаңқан киіз үйлер үйлерде ақсақалдардың баталы әңгімесі өрбісе, сыртта қазақтың тай қазанымен наурыз көже пісірілді. Ұлттық ойындар ойнатылып, жігіттер күрес, қол күрес, арқан тартыс сияқты ақ білектің күші сыналатын сайыстарға белсене қатысты. Әжелеріміз де ұлттық дәстүрді жаңғырту, болашақ ұрпаққа үлгі болу мақсатымен бесікке салу, тұсау кесу сияқты ұлттық жол-жоралғы рәсімдерін өткізді.