×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/54564
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/54564
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Алматы облысы Текелі қаласы Талықорған өңірі «Керімбек би» мешітінде Наурыз мерекесі өтті.

29 Mar 2018 0 comment Оқылды: 438 рет

{gallery}54564{/gallery}

Наурыз айының 22 күні Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Әлтайұлы, ҚР – құрметті азаматы Әлімғазы ақсақал, «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлының қатысумен тал егуден басталды. Текеліде құрылған зәулім Киіз үйде Наурыз мерекесіне келген қонақтарды құттықтап ізгі тілектер айтылды. Талдықорған өңірі «Керімбек би» мешітінің ұйымдастырумен Наурыздың 23 күні «Дін мен дәстүр егіз ұғым» аясында «Керімбек би» мешітінде киіз үй тігіліп Әз – Наурыз аталып өтті. Шарада Қазақтың ұлттық ойындары: Қазақша күрес, Қол күрес, Қошқар көтеру ұйымдастырылып сыйлыққа қомақты қаражат және де бағалы сыйлықтар тарту етілді. Жамағат арасында Ынтымақ Әлібек Қол күрестен I орын иеленді. Қазақша күрестен Құнапия Сержан I иеленді. Жамағаттың сабырсыздана күткен 65 кг салмағы бар қошқарды Сапарбеков Бауыржан бауырымыз 140 рет көтеріп жеңімпаз атанып қошқарды қанжығасына байлады. Жиылған 170 жамағатқа Наурыз көже таратылып, ас әзірленіп. Шараны тамашалап мәре – сәре болып тарқасты.  

Талдықорған өңірі Текелі қаласы «Керімбек би»

мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз