Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!
Құрметті Жетісу тұрғындары, күллі қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз — бұл ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі.
Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі; Наурыз — көпшіліктің жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі.
Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын, жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешірі, ынтымақ-бірлік мерекесі.
Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, иманымыз арта берсін! Әмин!
Ізгі құрметпен, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы
Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы