{gallery}88885{/gallery}Биылғы 2018-жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялауына байланысты, сонымен қатар 1-Наурыз алғыс айту күніне орай, Алакөл ауданының бас имамы Əнет Омарханұлының ұйымдастыруымен аудандық орталық мешітінде "АТА-АНАҒА ҚҰРМЕТ-ПЕРЗЕНТ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТ" атты сауапты іс-шара өтті. Өмірде алғыс айтуға ең лайықты адам ол-біздің жарық дүниеге келуімізге себепші болған, қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмай мейір-махаббатына бөлеп өсірген аяулы анамыз бен ардақты əкеміз екені сөзсіз. Олардың алдында перзенті өмір бойы қарыздар.Пайғамбарымыз (сас)"Ата-ананың разылығы Алланың разылығы, олардың наразылығы Алланың наразылығы" ,-деген Осы бір ерекше күнде аудан орталығындағы үш мешіт жамағаты бірігіп, ата-аналарымызды жердегі ең құтты мекен болып саналатын Алланың үйі-мешітке шақырып, қасиетті Құран мен адамзаттың асылы болған сүйікті Мұхаммед сас пайғамбарымыздың хадистерінен "Исламдағы ата-ананың орны", "Перзенттің ата-анасының алдындағы міндеттері" жəне "Исламдағы жанұя" жайлы мағыналы да мəнді насихаттар айтылды. Көркем уағыздан соң əр ата-анаға өз баласы алдын ала дайындаған сыйлықтарын табыс етіп, аналарының маңдайынан сүйіп, алғыстарын білдірді. Ауданның бас имамы əр ата-анаға өз атынан Алғыс хат табыстады. Ізгі шара Белгібай ата хатымханасында асыл жандарға арнайы жайылған дастарханда жалғасын тапты. Өз кезегінде ата-аналар да өз балаларына шынайы разылықтарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін айтты. Дастархан үстінде сөз алған мешіт жамағаттары ата-аналарын ренжіткен жерлері болса кешіруін өтініп, көздеріне жас алды. Игі шараға барша келушілер разылықтарын білдіріп керемет көңіл-күймен қайтты.
Ата-аналарымыз аман болсын əркез!!! Əмин.
Ата-аналарымыз аман болсын əркез!!! Əмин.
Алакөл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі