{gallery}eskeldi-akin-sara{/gallery}
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың 2018 жылды "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялауын негізге ала отырып, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Оразбаевтың тапсырмасы жəне Ескелді аудандық мешітінің Бас имамы Болат Сағынғалиұлының жоспарлы бағдарламасымен Ақын Сара ауылдық мешітінде ауыл имамы Қуатбек Ерғалиұлы игілікті біраз іс-шара ұйымдастырып өткізді. Ауыл мешітінде əкімдік, жамағат, мектеп, балабақша, ауруxана жұртшылығы жұмыла кірісіп "Ислам жəне отбасы" атты байқау өткізді. Əрбір мекеме ұжымы арнайы тақырыптар бойынша ислам мен отбасын байланыстырып ойларын ортаға салды. Отбасының иманды болуы өте маңызды, осв орайда əдемі пікір алмасып, бала тəрбиесі, жеке жəне қоғамдық қарым-қатынас туралы айтылды. Бұл шараға Талдықорғандағы Иман мешітінің ұстазы Мұxаммед Ордабайұлы, Ескелді аудандық мешітінің Бас имамы Болат Сағынғалиұлы қатысып, ауыл мешітінің үлкен іс атқарып, айтулы жиынға бір кісідей атсалысқанына алғыс білдірді. Сонымен қатар Ақын Сара ауылдық мешітінің xатымxанасында Елбасы Н. Назарбаев жарлық еткен 1 наурыз- Алғыс айту күніне орай " Аналар- асыл жандар" іс-шарасы атқарылды. Ардақты аналарға, қажы аталарға ақ дастарxан жайылып, сый-сияпат көрсетіліп Алғыс айтылды.
Ақын Сара ауылы Ш. Уəлиxанов орта мектебіндегі "Шежіреңді тəрбиелеймін десең, ұл тəрбиеле, Ұрпағыңды таратам десең, қыз тəрбиеле" тақырыбында кездесу өтті. Бұған да аудан, ауыл имамдары келіп, имандылық тəрбие жөнінде мағлұматтар берді. Арнайы видеоролик көрсетті.
1 наурыз- Алғыс айту күніне байланысты "Жақсылық жан жадыратады" деген ұранмен жетім жəне мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы шақырып, қайырымдылық акция өткізді. Осы санаттағы балаларға ауыл имамы Қуатбек Ерғалиұлы азық-түлік үлестіруге себепкер болды. "Жетім көрсең, жебей жүр" дегенді ұстанған ауыл дүкендері үлес қосып көмек берді.
Алақандай ауылдағы бір күнде өткен алты шара алты алашқа жетсін! Аллаға шүкір, Пайғамбарымызға салауат, жақсылыққа алғыс мол, қайда жүрсек ақ жол болсын!