×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/sarkan
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/sarkan
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сарқан: «Ислам және отбасы» атты семинар

01 Mar 2018 0 comment Оқылды: 385 рет

{gallery}sarkan{/gallery}

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен 2018 жылы «Ислам және отбасы» жылы деп бекітіліп, оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында іске асыруға тапсырма берген болатын. Әр шаңырақтың іргесі берік, әр ауылдың ынтымағының мығым болуы Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, ұлтымыздың ұлағатты болуының басты ерекшелігі болмақ. Ислами қағидаттармен бірге ұлттық асыл құндылықтарды нәсихаттау оның өркендеуіне жол ашу бүгінгі күннің басты талабы. Осыған байланысты Талдықорған өңірі Сарқан аудандық орталық мешітте ауданға қарасты ауыл имамдарына «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға арнайы шақырылған Талдықорған орталық «Иман» мешітінің найб имамы Усманов Нұрлан Жұманұлы имамдарға қазіргі таңдағы қазақ қоғамы үшін Ислам және отбасы мәселелерінің маңыздылығы жайлы түсінік берді және алдағы уақытта ҚМДБ тапсырмаларын дер кезінде сауаттылықпен атқарылуын тапсырды. Сонымен бірге, сауапты һәм жауапты қызмет атқарып жүрген азаматтардың жұмыстарына сәттілік тілеп, дұға жасады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз