{gallery}668{/gallery}
Алланың елшісі мұсылман үмбетінің адаспас үшін екі нәрсені қалдырып, ол нәрселерге мықтап ұстануды бұйырды.
Сол себептен де, Пайғамбардың сүннетін дәріптеу үшін Талдықорған өңірлік "Иман" мешітінде қалалық мешіттер жамағатының арасында "Мұсылман қорғаны" кітабы бойынша сайысының бірінші кезеңі болып өтті. Бұл сайыста шәкірттер жасы деңгейіне қарамастан Пайғамбарымыздың хадистерінде келген, өмірдің әр сәтінде келетін дұғаларды жатқа айтып, мағынасын түсіндіріп берді.
Бас жүлде "Иман" мешітінің шәкірті Болат Исмаилға бұйырды. 2-нші орын 5 жастағы Нұртуған ұлы Мекке атты бүлдіршінге берілді, ал, 3-нші орын әділ қазылардың шешімімен Ерлан ұлы Ерсінге бұйырды. Сонымен қатар, қосымша 3 орынға ынталандыру силықтары берілді.
Сайыстың келесі кезеңі 2 айдан кейін өтетін болып, әр сайыста жаңадан дұғалар жатталатын болады. Алла жазса, сайыстың ең соңғы кезеңіде дейін шәкірттеріміздің "Мұсылман қорғанында" келген барлық дұғаларды жаттап алады деген үміттеміз.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі