{gallery}68{/gallery}ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жанынан әйел-қыздар секторының жұмыс тек оқу-ағарту ғана емес, арнайы ұйымдастырумен әйел қыздар жамағатына арналған арнайы үйірме және оқыту семинарлары жұмыс істейді.
«Кәсібім – менің нәсібім» атты семинар-тренингте қыз-келіншектерге қазіргі заманда кәсіп таңдау мәселелерінде шариғаттың не дейтіні туралы кеңінен түсіндірілді.
Ал, кестешілер үйірмесінде құрақ көрпе тігуден мастер класс өтті. Алматыдан арнайы келген құрақшы Науат апамыз бірнеше құрақтың үлгілерін көрсетті. Атап айтқанда, ішінен түймедақ құрақ үлгісін жасап көрсетті. Ризашылықтарын білдірген шәкірттер дәріс соңында Науат апаға Құран Кітапты сыйлыққа берілді.