{gallery}5465456{/gallery} Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінде әр жұма күні ақшам намазынан кейін Фикһ ілімінен Әл-әзһар университетінің түлегі Шынарбек Өкен ұстаз дәріс өткізіп келеді. Осыған орай қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының басшылығымен жамағат арасындағы, ауызбіршілікті нығайту, бір-біріне деген құрмет, сыйластықты орнату мақсатында дастархан жайылды. Шара барысында Құран Кәрімде бізді бірлікпен ынтымаққа шақыра отырып «Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» (Әл Ғимран сүресі, 103-аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес» дей отырып біздер үшін бірлікпен ынтымақтың қаншалықты маңызды екендігін кеңінен уағыз-насихатпен жалғасты.