{gallery}kamkor-kenes{/gallery}
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жанынан қамқоршылар кеңесі құрылды. Бұдан былай қамқоршылар кеңесі тікелей асыл дінімізге жанашыр болып, ел арасында дәстүріміз бен дін туралы дұрыс та оң пікірлерін айтып, көпшіліктің дұрыс бағытта жүруіне, радикалды топтарға қарсы тұруына ықпал ететін болады. Сондай-ақ, діни басқарма мен өкілдіктің атқарылып атқан іс-шараларымен халық дамуы мен тыныштық өмірге орасан үлес қосып жатқандығы туралы да көпшілікке жеткізбек. Өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен қоғам қайраткерлерінен құрылған кеңес мүшелері дастархан басында бас қосумен, ұлтжандылығын көрсете отыра, күн тәртібінде қойылған мәселелерді кеңінен талқыға салып, ой бөлісті.