{gallery}alakol-kair{/gallery}
Қайырымдылық қайырлы іс
Алакөл ауданының бас имамы Əнет Омарханұлының бастамасымен жұма күні Үшарал қаласының мешіттерінде əр жұма сайын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға 100 нан тарату қайырымдылық шарасы өтуде. Мешітке келе алмаған жандарға мешіт имамдары мен жамағаттары үйлеріне апарып береді.
Сондай-ақ, жұма сайын жамағаттардан құралған тегін такси қызметі де бастау алды.
Жақсылықта жарысқан жамағаттың Алла берекесін арттырсын демекпіз!
Алакөл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.