{gallery}aksu{/gallery}
Ауданымыздың орталығы І.Жансүгіров ауылында орналасқан Е.Сихимов атындағы орта мектеп-интернатында «Жарты жылдық қорытынды» атты жиналыс аталып өтті. Жиналысқа ауданымыздың бас имамы Манбетов Анарбай, мектеп ұстаздары, ата-аналар, аудандық ауруханадан психолог-дәрігері қатысты. Кездесуді ұйымдастырған мектеп ұжымы баяндамасы оқылып талқыға салынды.
Бұл кездесуге қатысқан ауданымыздың бас имамы, дініміздегі тәрбиенің орны жайлы насихат айтып, бүгінде жастарымыздың, жалпы қоғамның діни сауаттылығы аса маңызды екендігіне тоқталды. Жастарға шынайы дұрыс сенім болмайынша ақ пен қараны айыру қиынға соғатындығын, олардың білім көкжиегін кеңейтіп, адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ ата-аналардың балаларымен тығыз қарым-қатынастың болу керектігін, жат ағымдардың жетегінде кетуден сақандыру және мұсылмандарға тән ислами сипаттар туралы айтылды. Қатысушыларға қазақи салт-дәстүрдің ислам дінімен байланысты екенін жеткізді. .
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі