{gallery}514564{/gallery}Талдықорған қаласында Талдықорған өңірі және Алматы аймағының аудан, қала және ауыл имамдары жиында бас қосты. Қос өңір имамдарының жиынына ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы қатысты. Жиында Алтынбек Ұтысханұлы облыста қызмет жасап жатқан имамдарға Алматы қаласындағы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында жаңадан сайланған бас мүфти, Серікбай қажы Ораздың ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш жиында бас муфти Серікбай қажы Оразға дұға жасалынды. Имамдар Жаратушыға жалбарынып жасаған тілегінде, жаңадан сайланған хазретке Алладан тауфиқ, деніне саулық, қызметіне табыс сұрады.
Жиын барысында Алтынбек Ұтысханұлы қазіргі заманның талабына сай әр бір имамның тұлғалық келбетіне аса зор мән беруіне шақырды. Имам – ол ағартушы, мұғалім, ұстаз әрі ұлт жанашыры. Осы қасиеттерді бойында жинаған имам үлкен жауапкершілікті сезініп, дінге, елге барынша қызмет етуі талап етіледі. Алматы облысындағы дін, мешіт және ағартушылық қызметіндегі оң өзгерістерге баға беріп, ҚМДБ-ның тапсырмаларын абыроймен атқаруына тілек білдірді.
Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі