{gallery}43{/gallery}Талдықорған өңірі Алакөл ауданы Жыланды ауылында Мəуліт мерекесі болып өтті. Ауылдың орталығында орналасқан мəдениет үйінде жылда аталып өтетін мүбарак мəуліт мерекесіне биыл да халық қуана жиналған. Ауданның бас имамы Əнет Омарханұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с ның ғибратты өмірбаяны мен ерекше сипатын баяндаса, ауыл жастары ата-анаға құрмет қылудың артықшылығы жайында өнегелі қойылым көрсетті. Қарабұлақ ауылының имамы Марлан Нұрбақытұлы мен ауыл имамы Əділғазы Сейітжаппарұлы Аллаға мақтау, Пайғамбарға салауат айтты. Мерекеге жиналған халық асханада арнайы жайылған дастарханға жайғасып, қызықты діни сұрақ-жауаптарға жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Ауыл халқы өз разылықтарын білдіріп, жылда осындай ұлық мерекеде бас қосуын Алладан тілеп дұға қылды.