{gallery}5465454656{/gallery}Көксу ауданындағы 7 мешіті бар елді мекендерде бүгін жұма күні Ақпараттық насихат топ мүшелері уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. ЖАНТ мүшелері жұма уағызын және оқу орындарымен мекемелерде, әкімшілікте кездесулер өткізіп, сонымен бірге ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын жасады.
Әсерлі де тартымды насихаттардан нәр алған ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, имам ұстаздарға алғыс айтты.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі