×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/111112
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/111112
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорғандағы «Ел болашағы» атты апталық шаралар

25 Oct 2017 0 comment Оқылды: 592 рет

 

{gallery}111112{/gallery}«Ел болам десең – бесігіңді түзе» демекші, Талдықорған қаласында әйел-қыздарға арналған бір апталық дәрістер болып өтті. Дәрістер лекция, тренинг, кездесулер және қайырымдылық түрлерінде танымал ұстаздар мен ҚМДБ-ның РАНТ мүшелері өткізді. Атап айтқанда, орталық «Иман» мешітінде 4 күн бойы әйел-қыздар жамағатына арналған «Отбасы тәрбиесі» атты семинар-тренингтер, жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында және жастарға қызмет көрсету орталықтарында «Сырласу» атты еркін кездесулер, қайырымдылық ретінде Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Қамқор"  және «Малютка» балалар үйінде, «Ана үйі» жас аналар кризистік орталығында кездесулер.

Семинар-тренингтерде әйел жамағатына жанұядагы балалар тәрбиесі, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы дәрістерді ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Серік Тәжібаев және Алматы қаласы «Орбита» мешітінің найб имамы Жолдас Бердімұрат жүргізді. Ал, «Сырласу» атты еркін кездесулерде радикалды топтарға қармы тұру және олардың сипаттары туралы айтылды.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз