{gallery}2121{/gallery}Жетісу өңірінің орталығынан бастау алған Рухани жаңғыру керуені жазиралы Жаркент өңіріне атбасын бұрды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Болашаққа бағдар Рухани жанғыру атты мақаласын мақсатты түсіндіру жұмысына дін өкілдері де ат салысып келеді.Осы бағытта Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Панфилов аудандық орталық мешітте қала ауыл имамдарымен кездесіп Діни сауттылықты арттыру рухани байлық тақырыбында сұхбат жүргізді.Түстен кейін Алматы облыстық дін істері басшысы Р .Есдəулетов өкіл имам А Оразбаев аудандық Нұр Отан партиясының мəжіліс салында діни бірлестіктер басшыларымен дөңгелек үстел басында бас қосты.Басқосуда бүгінгі күнін өзекті мəселесі деструктивті діни ағымдардың алдың алу бөгде бағыттағы жастармен оңалту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мəселесі көтелілді. Сонымен қоса Ата -баба дəстүрі рухани мəдениетті дамыту дəстүрлі діни құндылықтарды жаңғырту туған өлкені қадір тұту Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерді артыру жайлы маңызды мəселелер көтеріліп тағылымды ойлар айтылды.Аудан имамы Ұ Сарпек қадірменді қонақтарға өз ықыласын білдіріп рухани жаңғырудың əр бір азаматты рухани байлыққа жетелейтінін жеткізді.