{gallery}5464{/gallery}
Талдықорған орталық «Иман» мешітінде бесін намазынан кейін, өңірдің өкіл имамы Серіхан қажы Рымханұлы Жетісу жұршылығына келген қонақ, Ризабек Батталұлын мешіт жамағаттарына таныстырып, келген ұстазға сөз берді.
ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, әл-Азһар университетінің түлегі, Нұр-Мүбарак университетінің «Ақида» пәнінің ұстазы, Ризабек Батталұлы «Имандық» тақырыбында уағыз айтты.
Кездесу соңында жамағаттар тарапынан қойылған сенім, иманның шарттары турасында сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
ҚМДБ- ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі