{gallery}555555{/gallery}
Талдықорған өңірі Алакөл аудандық орталық мешітте ұлдар мен қыздарға арналған « ИМАНДЫ ҰРПАҚ» атты жазғы діни курста 75 жасөспірім білім алды. Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Алтынай Айюп қыздарға, Айдар Мұратұлы ұл балаларға Құран, Фиһ және Сирадан дәріс берді.
Бүгін Алакөл ауданының бас имамы Модахметов Әнеттің қатысуымен « ИМАНДЫ ҰРПАҚ» атты жазғы діни курске қатысқан шәкірттердің діни білімдерінен сынақ алынды. Құран сүрелерін жатқа оқу, Шариғи сұрақтарға жауап беріу, Пайғамбарымыздың (С.А.С) өмір тарихынан сынға түсті. Сыннан сүрінбей өткен шәкірттерге аудан имамының тағайындаған жүлдесін иеледі. Ұлдар тобының бас жүлдесіне велосипед және қыздар тобының бас жүлдесіне планшет берілді. Сонымен қатар екі топтада бірінші, екінші және үшінші орын алғандарға да бағалы сыйлықтар мен барлық шәкірттерге сертификат табысталды.
Талдықорған өңірі Алакөл аудандық орталық мешіт баспасөз қызметі