{gallery}566{/gallery}Талдықорған орталық "Иман" мешітінің ұйымдастыруымен, қаладағы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, "Айттық дастархан" атты қайырымдылық акциясы жасалды.
Айттық мерекеде өкіл имам Серікханқажы Рымханұлының құттықтау сөзінен кейін, түрлі ойындар ойнатылып, келген қонақтарға сұрақтар қойылып, сұрақты жауап бергендерге ақшалай және әртүрлі сыйлықтар берілді.
Мешітке мерекемен құттықтауға келген филармония әншілері жарапазан айтып, қонақтардың көңілдеріне қуаныш сыйлады. Шара соңында 200 ге жуық отбасына азық-түлік таратылды.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі