×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/87
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/87
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Жетісу жұртшылығы Қасиетті Қадыр түнін жоғары деңгейде қарсы алды

23 Jun 2017 0 comment Оқылды: 950 рет

 

{gallery}87{/gallery}Талдықорған орталық "Иман" мешітінде, Қасиетті Қадыр түні хатым Құран толығымен тарауих намазында аударылды.

Өңір өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы мешітке келген жамағатты Қадыр түнімен құттықтап, «Құран ұлы Мұғжиза» тақырыбында уағыз айтты.

  Орталық мешітке Алматы облысының әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ағамызбен Дін істер басқармасының төрағасы Рахмет Разбекұлы арнайы ат басын тіреп, Нұр-Мүбарак университетінің докторы, қари Мұхаммед Әмин ұстазымызға алғыс айтып, ата дәстүр бойынша  иығына шапан жапты. Сонымен қатар, «Алғыс хатпен» бірге силықтар табыс етті.

Қасиетті Қадыр түнінде елімізге танымал тәпсірші, ғалым Мұхитдин Исаұлы қонақта болып, Қадыр түнінің қасиеттілігі турасында уағыз айтып, қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді.

Таң рауандап атқанға дейін, орталық «Иман» мешітінің атынан, 1 500 адамға сәресі берілді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша

 баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз