{gallery}5465454{/gallery}Талдықорған қаласы, орталық «Иман» мешітінде «Ұлық айда атқарылар ұлы істер» атты жиын өтті.
Аталмыш жиынға орталық мешіттің найб имамдары мен өңірге қарасты аудан-қалалардың бас имамдары, қатысты.
Жиналыста өкіл имам, аудан –қала имамдарына Қасиетті Рамазан айына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Атап айтсақ; ҚМДБ-ның Рамазан айына байланысты берілген барлық тапсырмаларының дер кезінде орындалуы, жазғы сауат ашу курстарын жандандыру, университет, медреселерге шәкірттерді оқуға тарту, биылғы бітіруші түлектермен практиканттарға көңіл бөліп, олардың жағдайыларын жасауды жүктеді.
Сондай-ақ, өздеріне жүктелген тапсырмалардың орындалуына бекем имамдар қызметтеріне тас-түйін екендерін жеткізді.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі