×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/1234574
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/1234574
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ЖАНТ жұмысы жанданды

14 May 2017 0 comment Оқылды: 626 рет

Талдықорған өңірі бойынша ЖАНТ (жергілікті ақпараттық-насихат тобы) мүшелері жуырда өткен ІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстыру үшін Қаратал ауданында бір қатар үгіт-насихат жұмыстарын атқарып келді.

Аудандағы қала және ауыл мешіттеріне тараған 10 имам жергілікті әкімшілік өкілдері, оқу орындары оқушылары әрі жұма намазына жиналған жамағатпен жүздесті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізген имамдар мен ұстаздар имамдар форумында қабылданған «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы турасында айтып өтті.

Осы насихат жұмыстарымен қатар имамдар жұма күнінің құрметіне ауылдағы мұқтаж жандарға қайырымдылық қоржындарын табыс етті.

{gallery}1234574{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз