Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сәуір айындағы «Бауырыңа өмір сыйла!» акциясы Талдықорған өңіріне қарасты Кербұлақ ауданы мешіттері арасында өз жалғасын тапты. 2017 жылдың 26-шы сәуірі күні Кербұлақ аудандық мешітіне қарасты ауыл мешіттері имамдары ауданның орталық мешітінде өткен басқосу жиынынан кейін облыс орталығына жол тартты. «Жақсылыққа жарысайық» атты Кербұлақ ауданының бас имамы Андақұлов Сейітқали Жұмашұлының бастамасымен ауданның 22 имамы «Облыстық қан тапсыру орталығына» барып, қан тапсырып қайтты. Адамдардың өміріне араша болу – ең сауапты іс болып саналады. Өмір үшін күресіп жатқан жандарға деп қан тапсырып, шараға белсенді қатысып, игі бастамаға ұйытқы болған имамдарға «Алматы облыстық қан тапсыру орталығының» мамандары алғыс білдірді.
Кербұлақ аудандық мешітінің
наиб имамы А.Байқадамов