{gallery}549{/gallery} Бүгінде Алла үйінде түрлі шараларды көп көреміз. Жаратқанның алдында жақсылықта жарысып жатқан жамағатқа қарап діннің өркениетін, беделін, діни білімнің дамуын көріп қуанамыз. Сондай шаралардың бірі Алакөл ауданы бойынша Үшарал қалалық мешітте өткен мешіт шәкірттері арасында « СЕНДЕРДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫЛАРЫҢ ҚҰРАНДЫ ҮЙРЕНІП,ҮЙРЕТКЕНДЕРІҢ » және « САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ » атты қос жарыс өтті. Шараны Үшарал қалалық мешітінің имамы Серік Шәріпұлы жүргізіп, Құран оқумен басталды. Ауданның найб имамы Мұхашұлы Ринат уағыз айтып, Аудан әкімінің орынбасары Алмас Сапарғалиұлы мен Аудандық дене шынықтыру жане спорт бөлімінің басшысы Алмат Тезекбайұлы шәкірттерге ыстық ықластарын айтып, сәттілік тіледі. Жарысқа ауыл мешіттерінің 200-ге жуық мешіт шәкірттері қатысты. Шәкірттер Құранды тәжуит ережесіне сай оқу және Ақида, Шариғат пәндерінен сұрақтарға жауапты берді. Мешіт алдында қол күрес, арқан тарту, гир тасын көтеру, ожиманиядан спорттық ойындарға белсене қатысып, бақтарын сынады. Қос жарыстан үздік шыққан мешіт шәкірттері ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Шараның мақсаты әр мешітте тәлім алып, Аллаға құлшылық жасап жүрген жамағаттарды береке-бірлікке, бауырмалдылыққа, діннің сан алуан жақсы қырларының бірін өмірлік ұстаным болса деген ой еді. Дінімізді тыныш ұстанып, дәстүрімізді тәлім етейік.
Осы шараға демеушілік көрсеткен, дін жанашырлары Белгібаев ЖК Белгібаев Нұрлан Бейсенбайұлы, Алакөл мұнай дероктері Абдрахманов Елжан Кәрімұлы, Строй сити магазины Джакуов Ардаққа алғыс айта отырып Алла отбасыларыңызға ортаймас береке, жұмыстарыңызға табыс тілеп Алла разы болсын дейміз.